Қазақстандық спортшылар батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық атлеттер Роман Барков пен Иван Грачев Бакуде өткен батуттық гимнастикадан әлем чемпиондары атанды. Отандастарымыз 49,910 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірмеді. Жарыстың күміс жүлдесі Француз спортшыларына бұйырса, қола жүлдеге Беларусь спортшылары ие болды.