Елена Рыбакина «Indian Wells Masters» турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Мастерс турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Турнирдің үшінші айналымында Виктория Азаренко (Беларусь) 6:3, 6:4 есебімен 1 сағат 36 минутта жеңіп, 1/8 финалға шықты. Ойын барысында екі рет брейк жасап, 5 рет эйс жасады. Еленаның келесі қарсыласы Виктория Голубич. Швейцариялық теннисші алғашқы айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны жеңген.