Александр Москаленко қызметінен кетті
Қостанайлық клуб өзінің ресми сайтында бас бапкер Александр Москаленконың қызметінен кеткені жайлы хабарлады.
Александр Васильевич 2021 жылдың 1 тамызынан «Тобылдың» бас бапкері болған. Оның басшылығымен қостанайлық клуб былтырғы маусымда Қазақстан чемпионы атанып, ел суперкубогін иеленді.
Биылғы маусымда «Тобыл» 11 ойыннан кейін 15 ұпаймен турнирлік кестеде 7-ші орында келеді.