Елордада Олимпиада күніне арналған спорт фестивалі өтеді
23 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында орналасқа триатлон саябағында нағыз спорт фестивалі өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі спорттық шараларға қатысып, ҰОК тарапынан ойнатылатын сыйлықтарға ие бола алады. 3*3 форматында баскетбол ойыны, текбол, үстел теннисі, брейкдансерлердің өнері, каратэ мен түрлі жастағы жеткіншектер таэквондодан арнайы мастер клас жоспарланған.
Сонымен қартар, атақты спортшылардың қатысуымен жаттығу сайыстары өтетін болады. Солардың ішінде Лонодон Олимпиадасының Чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадассының күміс жүлдегері Василий Левит, Бокстан Әлем Чемпионы Мерей Ақшалов, Олимпиада ойындарының қатысушысы Қанат Әбутәліпов, Бірнеше халықаралық жарыс жеңімпаздары ағайынды Айбек және Нұрбек Оралбай, Бейжің Олимпмпиадасында еліміздің туын ұстаушы Абзал Әжіғалиев, күрестен Олимпиада ойындарында үш мәрте жүлде алған Гюзель Манюрова және Азия Чемпионы Мадина Бақбергенова қала тұрғындары мен қонақтарын триатлон саябағында күтетін болады.