Astana Meeting World Indoor Tour турнирі мәресіне жетті

23-қаңтар күні Астана қаласында жеңіл атлетикадан алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour жарысы өтті. Мұндай деңгейдегі жарыс ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100ге жуық спортшы қатысты.

Турнирді ресми түрде ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР Жеңіл атлетика Федерациясы Президенті Даниал Ахметов ашты.

«Он бес ел спортшылары бүгін тұңғыш рет өтетін «Astana Silver Grand Prix Meeting» турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді. Қазақстан Республикасы биыл АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехия мемлекеттерімен бірге жеңіл атлетика сериясының күміс деңгейін ұйымдастырушылар құрамында», -деді федерация президенті Даниал Ахметов.

Аталмыш турнир отандық жеңіл атлетиканы дамытуда үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.

«Бүгінгі дүниежүзілік жарысқа әлемнің 15 елінен спортшылар қатысатындығы айтылды. Бұлдегеніміз, жеңіл атлетиканың ғана мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықтың да туын биіктейтін іс-шара деп ойлаймын», - деді министр Асхат Оралов.

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады.

Байрақты бәсеке ерлер арасында 60м кедергілермен жүгіру сайысынан басталды. Аталмыш жарыс түрінде кубалық Роджерс Ирибарн                (нәтижесі 7.62секунд) Отандасымыз Давид Ефремовты (7.65сек) бірнеше мили секундқа озып, жеңіске жетті.

Турнир аясында Давид Ефремов алдын-ала жүгірукезінде 7,62 секунд нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Ерлер арасында 400м жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен 1 орын, Андрей Соколов 46.74 секунд нәтижесімен            2 орын иеленсе, бразилиялық Александр Руссо 47.70 секунд нәтижесімен мәре сызығын 3 болып кесті.

Әйел дерарасында 60м жүгіруден отандасымыз Ольга Сафронова (7.30сек) Португалиялық Ариалис Гандуллаға (7.18сек) есе жіберіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орынға аустралиялық Магдалена Линдер (7.43сек) жайғасты.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде Өзбекстандық Дарья Резниченко 6.32 метр нәтижесімен топ жарды. Отандастарымыз Анастасия Рыпакова (5.89метр) нәтижесімен 2-орын, Алина Чистякова (5.84метр) нәтижесімен жүлделі 3-орынға жайғасты.

Ерлер арасында 800метрге жүгіруден 1-орынға Хорватиялық Марино Блудек (1:48.23) нәтижесімен, Кениялық Николас Киплангат 1:48.31 нәтижесімен 2-орынға, ал үшінші орынға словениялық Жан Вукович (1:48.72) нәтижесімен жайғасты.

1500м қашықтыққа жүгіруден Джаринтер МВАСЬЯ (Кения) 4:14.26 нәтижесімен 1-орын, Хирут Мешеша (Эфиопия) 4:14.40 нәтижесімен 2-орын, Камила Гомес (Португалия) 4:26.63 нәтижесімен 3-орын иеленді.

Турнирдің ең тартысты додаларының бірі әйелдер арасында биіктікке секіру болды. Нәтижесінде жүлделі 3 орынға отандастарымыз жайғасты. Олар:

Надежда Дубовицая (1.93метр) – І-орын;

Кристина Овчинникова (1.89метр) – ІІ-орын

Елизавета Матвеева (1.89метр) – ІІІ-орын.

Әйелдер арасында 400метр қашықтықта І-орын Элина Михина (55.14сек), ІІ-орын Александра Залюбовская (55.28сек), ІІІ-орын Кристина Кондрашова (55.87сек) иеленді.

Ерлер арасында 60 м жүгіруден америандық Макл Роджерс топ жарды. Ол аталмыш қашықтықты 6.664 секунд ішінде жүгіріп өтті. Екінші орынға АҚШ спортшысы Демек Кемп (6.665) жайғасты. Бұл спортшылардың нәтижесін секундтың мыңнан бір бөлігі бөлді Үздік үштікті Португалиялық Фредерико Курвело қорытындылады оның көрсеткіші 6.75 секунд.

Ерлер арасында 3000м қашықтыққа жүгіруден Али Абдилмана (7:52.43) топ жарды (Эфиопия). Ұлыбританиялық Александр Джордж (8:07.55) күміс медаль, ал Қазақстандық Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль иеленді.

Турнир ҚР Жеңіл атлетка Федерациясының YouTube арнасында және «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Кирилл Бауэр Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстан туын ұстаушылардың есімдері белгілі болды