Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы ойынында есе жіберді
УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы туры аясында Грузия құрамасын қабылдаған қазақстандықтар 0:2 есебімен есе жіберді.
«Астана Арена» стадионында өткен матчтың алғашқы жартысы тартысты өтті. Қос құрамада да гол соғарлық бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, ойыншыларға дәлдік жетіспеді.
Екінші таймда Владимир Вайсс бастаған грузиялық ойыншылар Ненад Эрич қақпасынан саңылау таба білді. Ойынның 69-шы минутында Георгий Чакветадзе есеп ашты. Арада 5 минут өткен соң Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый өз қақпасына гол салып алып, таблодағы көрсеткішті 0:2 жеткізді.