«Реал Мадрид» клубы бас бапкерімен қош айтысты
Мадридтік «Реал» футбол клубы бас бапкері Хулен Лопотегиді қызметінен босатты. Бұл туралы испандық клубтың басшылығы мәлімдеді.
Клуб басшылығы мұндай шешімге Испания Ла-лигасының соңғы турында «Барселонаға» ойсырай ұтылғаннан кейін келді.
Сонымен қатар, «Реал» Лопотеги бастамасымен ішкі чемпионаттағы соңғы 5 ойында 1 ұпай ғана жинап, турнирлік кестеде 9-шы орынға түскен еді.
Қазіргі таңда клубтың бас бапкері қызметін жастар командасының бапкері Сантьяго Солари уақытша атқаратын болады. Мадридтік клуб жақын арада бас бапкер қызметіне италяндық маман Антонио Контені шақырады деп күтілуде.