«Астана» чехиялық «Яблонец» командасын тізе бүктірді
УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңында чехиялық «Яблонец» командасын қабылдаған болатын.
Тартысты өткен матчта қазақстандық клубтың мерейі үстем болды. Бірінші таймда қос команда да гол алмасты. 18-ші минутта Педро Энрике «Астананы» есепте алға шығарса, 41-ші минутта "Яблонец" таблодағы көрсеткішті теңестіріп кетті.
Екінші тайм қос команданың алма-кезек шабуылдарымен өтті. Дегенмен 88-ші минутта елордалық қорғаушы Евгений Постников өзіне берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 2:1. «Астана» Еуропа лигасының К тобында киевтік «Динамомен» бірге 8 ұпайдан жинап, көш бастады.
Еуропа лигасының бесінші туры 29 қарашада өтеді. "Астана" өз алаңында "Динамомен" ойнаса, "Яблонец" "Рен" командасын қабылдайды.