Ольга Рыпакова «Гауһар Лигасы» кезеңінде үшінші орын алды (ВИДЕО)
Италияның Рим қаласында жеңіл атлетикадан «Гауһар Лигасының» төртінші кезеңінде үш қарғып секіруден қазақстандық жеңілатлетші Ольга Рыпакова үшінші орын алды.
Бірінші орынды 14 метр 84 сантиметр нәтиже көрсеткен венесуэлалық Юлимар Рохас,екінші орынға колумбиялық спортшы Катрин Ибаргуэн жайғасты - 14,78. Ал Рыпакованың ең үздік нәтижесі - 14,64.
Айта кетейік, «Гауһар Лигасының» төртінші кезеңін тікелей эфирде «Kazsport» арнасы көрсетті.