Флойд Мэйвезер мансабын қайта жаңғыртпақ
41 жастағы бокс әлемінің аңызына айналған Флойд Мэйвезер (50-0, 27 КО) спортық мансабын жалғастыру туралы жариялады. Ол жаңа жыл кешінде Жапонияда жергілікті кикбоксшы, ММА шебері Теншин Нацукавамен кездесетін болады.
Мэйвезердің айтуынша бұл кездесММА ережесіне сай өтуі мүмкін және салмақ дәрежесі туралы нақты келісім жоқ. Ал жапониялық спортшы кикбоксшы және ММА шебері ретінде белгілі. Небәрі 20 жастағы спортшының кикбокстағы 27-0 (21 КО) және ММА рекорды 4-0.
Естеріңізге сала кетейік, Флойд Мэйвезер соңғы кездесуін 2017 жылдың тамыз айында UFC жұлдызы Конор МакГрегорге қарсы бокс ережесі бойынша өткізіп, жеңіске жеткен болатын.