Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Ұлттық құрама көшбасшысы финалда өзбекстандық Джабраил Шапиевті жықты.
Есеп: 5-2. Бұл Азаматтың сары құрлық чемпионатындағы қатарынан үшінші алтыны. Сонымен қатар ол тағы күміс (2017 жыл, Дели) және қола (2018 жыл, Бішкек) медаль жеңіп алған.
Күндізгі сессияда Азамат ирандық спортшы Хади Вайаейпураны ұпай санымен, сосын жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңген.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35