Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды
Қазыбек Нөгербек бүгін Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.
Спортшымыз соңғы турда өзінің басты қарсыласы - армениялық гроссмейстер Мамикон Гарибянды жеңіп, 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазыбек Нөгербек тек әлем чемпионы атанып қоймай, әлем Кубогына жолдама алды. Ал ол әлем чемпионы атағына үміткерлер турниріне іріктеудің бір бөлігі болып саналады. Қазақстандық спортшылар арасынан мұндай жетістікке тек Дәрмен Сәдуақасов, Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік қана қол жеткізгенін айта кету керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45
Қазақстан құрамасы көкпардан Әлем чемпионы атанды
21.03.2026, 15:00
Нұрқанат Серікбаев Тбилисидегі Grand Slam турнирінде топ жарды
20.03.2026, 19:55