Басты Жаңалықтар Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық ушу шебері Абдурашид Абдуллаев сандадан 75 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.

Финалда отандасымыз Иран өкілі Сохеил Мусавиге есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Абдурашид Абдуллаев жартылай финалда Қытай Тайбэйі спортшысы Хуан Жангты техникалық нокаутпен жеңген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында ушудан екі жүлде жеңіп алды. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Әлижан Аблағатов қола медаль иеленген болатын.

Бөлісу