Қазақстандық шабандоздар Дубайда өткен халықаралық жарысқа қатысты
Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда ат жарысынан халықаралық турнир өтті. Бұл бәйгеге адай тұлпарын мінген қазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды lada.kz.
120 шақырымға созылған марафонға 24 елден 94 шабандоз қатысқан. Бұл сайыстан Қазақстан атынан Азат Қойшиев, Есенаман Қойшиев, Наталья Долгих және Сергей Буйкевич сынға түсті.
Жарыс басталған сәтте-ақ өткен маусымның жеңімпаздары және жарыс қожайындары Бірікке Араб Әмірлігінің құрамасы жалпы есептегі тізгінді қолға алып, жеңіске жетті. Ал екінші орынды ұзақ уақыт бойы қазақстандық шабандоздар сақтап тұрды. Өкіншіке қарай, біздің құрама 40 шақырымнан кейін Есенаман Қойшиевтің, ал 100 шақырымнан кейін Азат
Қойшиевтің тұлпарлары ақсаңдап жүруіне байланысты жарыстан шеттетіліп, жүлделі орыннан тыс қалды.
Алайда жекелей сында қазақстандық шабанжоздар Сергей Буйкевич бесінші, мен Наталья Долгих үздік ондықтан көрінді.
Қазіргі уақытта шабандоздар Францияда өтетін Дүниежүзілік ат спорты ойындарына дайындықты бастап кетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді
06.11.2025, 03:54
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41