Басты Жаңалықтар «Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды

Алматылық «Қайрат» Португалияның «Спортинг», Косовоның «Приштина» және Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен бір топта сынға түсті. Команда алты ұпай жинап, топта екінші орын алды. «Қайрат» «Приштинаны» (4:1) және «Ново Вриемені» (3:2) тізе бүктіріп, тек «Спортингтен» (2:7) жеңілді.

Ал «Семей» Испанияның «Пальма», Францияның «Этуаль» және Чехияның «Хрудим» клубтарымен күш сынасты. Үш ұпай жинаған семейліктер үшінші орынға тұрақтады. Олар «Хрудимді» (9:5) жеңіп, «Этуальден» (3:4) және «Пальмадан» (4:7) ұтылып қалды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне әр топтан үздік үш команда жолдама алады.

Енді 6 қараша күні Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылады.

Бөлісу