Жансай Смағұлов – Әлемдік Гран-Придің күміс жүлдегері

Португалияның Алмада қаласындағы дзюдодан Гран-Придің екінші күн Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті.

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жансай Смағұлов финалда өзбекстандық Обидхон Номоновтан жеңілді.

Жансай Смағұлов іріктеу кезеңінде алдымен швед Олоф Хермодссонды, украиналық Владислав Казимировты екінші, бельгиялық Йерун Кассені үшінші айналымда жеңген. Ал жартылай финалда испаниялық Хосе Антонио Аранданың жауырынын жерге тигізіп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин гамбиялық Фэй Нджиді (шидо санымен) және португалиялық Саба Данелияны ұтқанымен, әзірбайжандық Нұрлан Османовқа есе жіберді. Барлығы 73 келіге дейінгі салмақта 60 дзюдошы сынға түсті.

Сондай-ақ бүгін татамиге шыққан Дана Әбдірова мен Севара Нышанбаева (57 келі), Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Самалай Ерғалиева мен Эсмигүл Куюлова (63 келі) іріктеу белдесулерінен аса алмады. 

Қазақстан құамасы жалпы есепте 1 алтын және 2 күміс медальмен екінші орында тұр.

Португалиядағы жарыста әлемнің 81 елінен келген 550-ге жуық дзюдошы рейтингтік ұпайларды сарапқа салып жатыр.



Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды
Қазақстандық алып үш әлемдік рекорд орнатты
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
«Челси» үш түрлі еурокубок жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанды
«Челси» Конференция Лигасының чемпионы
Ресми: «Барселона» Ламин Ямальмен келісімшарт мерзімін 2031 жылдың шілде айына дейін ұзартты
Каратеден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Криштиану Роналду «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті
Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кетуі мүмкін
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Ресми: Эрик Тен Хаг «Байер» клубының бас бапкері болып тағайындалды
АҚШ құрамасы 1960 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионы атанды
Килиан Мбаппе 2024/25 маусымының «Алтын бутсасын» жеңіп алды