Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

2023 жылдың 15 ақпан күні Алматы қаласында, дәстүр бойынша үздік боксшыларды марапаттау рәсімі мен баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл жолы өткен жылдың соңында Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді. Олар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаражатынан ақшалай сертификаттар алды. Жүлдегерлердің жеке бапкерлері де назардан тыс қалмады. Марапаттаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңгені құрады.

Салтанатты шараға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бастап, ҚБФ атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының басшысы Ержан Қосмамбетов және ҚБФ президентінің кеңесшісі Бағлан Шалаев қатысты.

Кеңес Рақышев өзінің құттықтау сөзінде: «Испанияда еліміздің жастар құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны мен сапасы бойынша біз үшінші орын алдық. Арада көп уақыт өтсе де, біз жас боксшыларымызды ұмытқан жоқпыз. Біз жастарға сенім артамыз. Болашақта олар ұлттық құрама боксшыларының орнын басады. Әсіресе әйелдер боксындағы нәтижелер ерекше қуантады. Бокс - біздің ұлттық спортымызға айналды. Қазір әуесқой бокста жүріп, атыңды шығаруға болады. Жақсы қаражат таба аласың. Қазақстанның кәсіпқой боксшылары мұндай табысқа кенелмейді десем, қателеспеймін. Барлық боксшыларға, бапкерлер құрамына және біздің жеңістеріміздің жаршысы - БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын», - деді.

Федерация президенті әлем чемпиондары Элина Базарова (54 кг) мен Бақыт Сейдішке (66 кг) 3 миллион теңгенің сертификаттарын берді.

Күміс жүлдегерлер Нұрбек Мүрсәл (67 кг) мен Дәулет Төлемісов (75 кг) 1,5 млн. теңгеден алды.

Қола жүлдегерлер Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Әсем Таңатар (63 кг) және Әсел Тоқтасын (+81 кг) 1 миллионға ие болды.

Жеңімпаздардың жеке бапкерлері Нұрбота Сейітбек пен Бағлан Омарбеков 500 мың теңгеде ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен бірге үшінші орынды бөлісті. Екінші орында Үндістан болса, Өзбекстан әлем чемпионатының үздік құрамасы атанды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды