Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина Grand Slam турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды

Елена Рыбакина Grand Slam турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды

Елена Рыбакина Grand Slam турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Roland Garros» турнирінің үшінші айналымында ойнайды. Екінші айналымда жарыстың 4-ракеткасы 18 жастағы чехиялық теннисші Линда Носкованы (#50) 1 сағат 28 минутқа созылған ойында 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Еленаның келесі қарсыласы испаниялық Сара Соррибес Тормо. (#132)

Айта кетейік, Елена алғашқы айналымда тағы бір чехиялық спортшы Бренда Фрухвиртованы (#146) 6:4, 6:2 есебімен жеңген.

Ертең алтыншы жарыс күнінде Сюзанн Ленглен кортына тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (#58) шығады. Қазақстанның екінші ракеткасының қарсыласы АҚШ өкілі Слоан Стивенс (#30). Бұл ойын Астана уақытымен сағат 18:30-ға жоспарланған. Бірақ алдыңғы ойындарға байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Ерлер арасында сынға түскен Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтаған.


Бөлісу