Шыңғыс Есенаманов жаңа клубқа ауысты
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Шыңғыс Есенаманов «Семей» клубымен келісім-шартқа отырды.
Ол 2015 жылдан бері «Қайрат» клубында өнер көрсетіп, сегіз дүркін ел чемпионы атанған. Оған дейін Қарағандының «Тұлпар» клубында доп тепкен.
«Ресми: Шыңғыс Есенаманов - «Семей» футзал клубының ойыншысы. «Семей» футзал клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырды. 34 жастағы шабуылшы біздің ұжымға дейін алматылық «Қайрат» клубында өнер көрсеткен» - деп, «Семей» футзал клубы instagram парақшасында хабарлады.
Өткен маусымда Шыңғыс Есенаманов ел чемпионатында 31 ойын өткізіп, 19 гол соққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00
ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты
07.05.2026, 09:25
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00