Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Елордада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Жарысқа 26 елден 210 спортшы қатысады.
Турнирге ұлттық құрамадан келесі спортшылар қатысады:
- Кирилл Герасименко;
- Алан Құрманғалиев;
- Искандер Харки;
- Айдос Кенжеғұлов;
- Санжар Жұбанов;
- Сарвиноз Миркадирова;
- Зәуреш Акашева;
- Анастасия Лаврова;
- Анель Бақыт;
- Ангелина Романовская.
Жарыста ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша жұлделер сарапқа салынады.
Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін.
Чемпионатты тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-да басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.