Төрешілердің намысына тиген боксшы жазаланатын болды
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Чинг-Куо Ву Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төрешілерге қорлау мәніндегі әрекет жасағаны үшін ирландиялық боксшы Майкл Конланның жазаланатыны туралы мәлімдеді.
«Конлан бірден төрешілерге ортаңғы саусағын көрсетті. ХОК бұл әрекетті тәртіпсіздік деп бағалады. Адамдардың намысына тиюге болмайды, олар ресми тұлғалар. Бұл әрекетімен ол өзін де ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Осыдан кейін оған қатысты тәртіптік жазалар тағайындалады. Өзін лайықты деңгейде ұстаған жөн. Егер шешімге разы болмасаң, төрешілерді қорлауға болмайды. Бұл оны жазалағысы келіп жүргендердің назарына ілікті. Біз осы жағдайға байланысты тәртіптік комиссия құратын боламыз», - деді Ву.
Естеріңізге сала кетейік, 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын ирландиялық Майкл Конлан төрешілердің шығарған шешіміне риза болмай, наразылық танытып, ортаңғы саусағын көрсеткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35