«Әлем Барысы» чемпионатын «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

2 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 29 елдің балуаны қатысады. Қазақстан намысын  бес балуан қорғамақ.


19 қарашадан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп келеді. Жиын нәтижесі бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған бапкерлік кеңес «Әлем Барысында» Қазақ елі атынан шығатын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Айбек Нұғымаров, жас та болса болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Ерсұлтан Мұзаппаров, биылғы Қазақстан чемпиондары Руслан Әбдіразақов және Нұрдәулет Жарылғапов.   


2014 жылы xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген «Әлем Барысы» бүгінде қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионаты деңгейіне өсті. Былтыр Астанадағы «Барыс Аренада» Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы» атанса, қазақ балуанына ақтық белдесуде лайықты қарсылас бола алған грузин спортшысы Гурам Тушишвили еді. Ал, үшінші орынға Ержан Шынкеев жайғасқан болатын.


Биылғы біріншіліктің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 10 миллионы жеңімпазға тиесілі. 6 миллион екінші, 3 миллион теңге үшінші орын иегеріне табысталады. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Сонымен қатар, биыл алғаш рет «Жеңіске деген талпынысы үшін» номинациясы бойынша 1 миллион теңге сыйақы да бар. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.


Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Алматыға келе бастады. Олардың арасында дзюдодан биылғы әлем чемпионы Гурам Тушишвили (Грузия), қазақ күресінен әлем чемпионы Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан), моңғол ұлттық күресінің мемлекеттің «Лашын» атағының иегері Серік Бердімұрат және тағы басқа нәтижелі спортшылар бар.


Тағы бір айта кететін жайт, алдағы чемпионатқа қатысатын елдердің барлығы бұған дейін қазақ күресінің сайыстарына қатысып жүр, тек Норвегия елі алғаш рет ұлттық күресімізде бақ сынамақ.


Еске сала кетейік, «Әлем Барысы» чемпионатын «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары  2 желтоқсан күні сағат 12:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды