«QAZSPORT» телеарнасы «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін көрсетеді

2018 жылғы 21 желтоқсан күні сағат 17:30-да «Қазмедиа» орталығында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын Тұғыр-2018» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді.

2018 жылғы ұлттық спорттың халықаралық бәсекесінде біздің саңлақтарымыз сан мәрте дара шықты. Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында, Теңге ілу мен Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионатында, Жамбы атудан XIV Әлем чемпионатында, Көкпардан, Тоғызқұмалақтан, Асық атудан, Қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген спортшыларымыз арасында «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық үздіктер аз емес.  

«Алтын тұғыр» - жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. «Алтын тұғыр» - Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын думанды кеш.  

«Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін «QAZSPORT» телеарнасы 22 желтоқсан күні сағат 20:25-те көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды