«Алтын тұғыр» Ұлттық спорт сыйлығының иегерлері анықталды

Астанада Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтар марапатталды.

«Алтын тұғыр» Ұлттық спорт сыйлығының иегерлері – 2018 жылғы еліміздегі және халықаралық бәсекелерде дара шыққан жеңімпаздар болды.Ұлттық спорт түрлерінің үздіктер номинациясы бойынша «Үздік мерген» Абзал Тулыбеков, «Үздік шабандоз» Бауыржан Мырзабаев, «Үздік көкпар командасы» – «Құлагер» командасы, «Үздік көкпаршы» Асланбек Сайдулла, «Үздік аударыспақшы» Шыңғысхан Ержанов пен Азамат Серғазин, «Үздік теңге ілуші» – Мағжан Сапарбек, «Үздік құсбегі» Бабажан Берікболсын, «Үздік қазақ күресінің балуаны» Ерсұлтан Мұзаппаров, «Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы» Әсел Далиева, «Үздік асық атушы» Мұхтар Ахметов деп танылса, «Үздік бәйге аты» аталымы бойынша «Алтын тұғыр» «Қаракөз» атты тұлпарға бұйырды. Аттың иесі Артығали Миразов, шабандозы Бекзат Сәдуақас. Сондай-ақ, Нұрлан Додай «Үздік жаттықтырушы», Қазақстанда өткен халықаралық ұлттық спорт чемпионаттарына Ресей ұлттық құрама командасын бірнеше жыл бастап келген Ербол Еділбаев «Үздік жетекші», Гүлнар Базарханова «Үздік төреші» атағымен марапатталса, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Елімжан» медалі табыс етілді. Ал, Дербіс Байділдаев, Бағдат Мүптекеқызы, Жомарт Сабыржанов, Өнербай Жанбала «Ұлттық спорт ардагері» медалімен марапатталды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды