Қазақстандық теннисшілер Australian Open турнирінің алғашқы айналымындағы қарсыластарын анықтады
Австралияның Мельбурн қаласында теннистен Australian Open турнирінің ерлер арасындағы жеребесі өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші Михайл Кукушкин бірінші айналымда француздық Люк Пуйеге қарсы ойнайды. Люк Пуйе Әлемдік рейтингте 30-шы сатыда тұрса, Кукушкин 56-шы орында.
Бұған дейін спортшылар кортта бір-біріне үш рет қарсы тұрған. Оның біреуі қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталса, қалған екеуі Люк Пуйенің еншісінде.
Ал әйелдер арасындағы сында екі бірдей қазақстандық өнер көрсетеді. Зарина Дияс алғашқы айналымда Әлемдік рейтингтің 60-шы ракеткасы сербиялық Александра Круничке қарсы ойнаса, Юлия Путинцева чехиялық Барбара Стрыцоваға қарсы тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35