Бауыржан Исламхан Шотландия және Ресей құрамаларына қарсы ойынға қатыспайды
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Шотландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойынға қатыспайды.
26-жасар қазақстандық футболшы Ұлттық құрама сапына қосылғанымен, жарақатына байланысты негізгі құрамнан шет қалды. Исламханның орнына Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек қарағандылық "Шахтердің" шабуылшысы Оралхан Өміртаевты шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 21 наурыз күні Шотландиямен кездессе, 24 наурыз күні Ресей құрамасымен ойнайды. Ойындар Астана қаласында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еламан Жоламан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 18:00
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль жеңіп алды
19.10.2026, 16:00
Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен екі медаль жеңіп алды
19.10.2026, 15:30
Ибрагим Нұрмаханұлы V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
19.10.2026, 15:00
Давид Дегтярев V Пара Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды
19.10.2026, 13:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды
19.10.2026, 11:00
Еркін Ғаббасов Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
19.10.2026, 10:00
Тұрсынай Қабыл V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
19.10.2026, 09:55