Хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны ұтты
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы үшінші матчында Оңтүстік Кореядан басым түсті. Әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы кезекті ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.
Қос құрама элиталық дивизионға жолдама үшін таласатын фавориттер қатарынан екенін еске сала кеткен жөн. Ойында ел құрамасы сапынан Павел Акользин, Леонид Метальников, Дмитрий Шевченко және Никита Клещенко мергендігмен көзге түссе, қарсыластар сапынан Шин Санву бір шайба соқты.
Енді Қазақстан құрамасы топтың көшбасшыларының бірі саналатын Беларусь және Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды.
Оңтүстік Корея - Қазақстан 1:4 (0:2, 0:1, 1:1)
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35