Бокстан Қазақстан Республикасының чемпиондары анықталды

Орал қаласында ерлер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің батыс өңіріндегі жарыс ел тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Ел біріншілігі Қазақстан бокс федерациясы басшылығымен, Батыс Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

Осы біріншіліктің сенсацияға толы өткенін атап өтуіміз керек. Жүлдеге таласушылар арасында көптеген әлем және Азия чемпионатының жүлделерін алған спортшылар қатысты. Жас жүлдеге таласушылар мен ұлттық құрамада жүрген боксшылар арасында текетірес болды. Жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшылар ұлттық құрама қатарына кіріп, 2022 жылғы басты жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан бокс федерациясы чемпионатты қорытындылайды:

Ең жеңіл салмақта жастар арасындағы Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай чемпион атанды. Финалдық кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының боксшысы ринг қожайыны былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы Даниял Сәбитті жеңді.

51 келі салмақ дәрежесінде тағы бір ринг қожайыны Нұрсұлтан Нуриденов, әскерилер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алматы облысының өкілі Дамир Әбдіқадірге жол берді.

Келесі салмақ дәрежесінде (54 келі) Атырау облысының өкілі, тәжірбиелі Олжас Байниязов Талғат Сырымбетовтен айласын асыра алмады.

57 келі салмақ дәрежесінің финалында Айдос Араповпен 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Оразбек Асылқұлов кездесті. Тартысты өткен финалда 3:2 есебімен Ақмола облысынан келген боксшы ел чемпионы атанды.

60 келіде қарағандылық 2016 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Василий Самчук Шығыс Қазақстаннан келген Әділет Құрметовтен айласын асырып кетті.

Келесі салмақ дәрежесінде Ділмұрат Мижитов 3:2 есебімен 2021 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Абзал Серікті жеңді.

Абылайхан Жүсіпов өнер көрсететін салмақта (67 келі) Дулат Бекбауов ел чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде Жамбыл облысының өкілі Алматы облысынан келген Дархан Дүйсебайды ұтты.

71 келі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстандық Ермахан Жақпеков павлодарлық Қуан Қуатовтан айласын асырды.

Әлем чемпионатының қатысушысы Нұрқанат Райыс павлодарлық Аятулла Тәкежановты ұтып, Қазақстан чемпионы атанды.

Ағайынды Оралбайлар өздерінің мықты екендерін осы чемпионат барысында тағы бір дәлелдеді. Айбек және Нұрбек 80 және 92 келіде ел чемпионы болды.

Нұрбек Ақтөбе облысының өкілі Жәнібек Қартбайдан басым түссе, Айбек Абзал Құттыбековті жеңді.

86 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сында Алматы қаласынан келген Мәди Әміровты жеңіп, 2021 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Ең ауыр салмақ дәрежесінде Белградта өткен Әлем чемпионатының қатысушысы Нұрлан Сапарбай Аманат Сабырғалиды жеңіп Қазақстан чемпионы атанды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты
Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀