Басты Жаңалықтар Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде «Барыс» жеңіске жетті

Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде «Барыс» жеңіске жетті

Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде «Барыс» жеңіске жетті

Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде кездескен «Металлург» МГ және елордалық «Барыс» арасындағы ойын 3:2 есебімен қонақтар пайдасына аяқталды. Ойын Магнитогорск қаласында өтті. Екі команда арасындағы серияда есеп 0:1.

Қақпашылар: Олкинуора («Металлург») - Ортио («Барыс»)

«Металлург» МГ - «Барыс» 2:3

02:44. Томаш Юрчо (0:1)

00:52. Якоб Лилья (0:2)

07:56. Линус Виддель (1:2)

09:40. Томаш Юрчо (1:3)

12:21. Николай Голдобин (2:3)

Ойынның үздік ойыншысы Йонни Ортио атанды. Қонақ команданың қақпашысы 38 сейв жасап, елордалықтардың жеңісіне үлесін қосты. Енді «Барыс» 3 наурыз күні Илья Воробьев шәкірттеріне қарсы сырт алаңдағы екінші ойынын өткізеді. 5 және 7 наурызда серия Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф кезеңіндегі басқа ойындар нәтижесі:

«ЦСКА» (Мәскеу) - «Локомотив» (Мәскеу) 4:3ОТ (сериядағы есеп 1:0)

«Трактор» (Челябинск) - «Нефтехимик» (Нижнекамск) 4:3 (сериядағы есеп 1:0)


Бөлісу