Алуа Балқыбекова Әлем Чемпионатының келесі айналымына шықты

Бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Әлем Чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бүгін жарыстың екінші күнінде 48 келі салмақта Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шығып, канадалық Прианка Диллонды 5:0 есебімен жеңіп, Стамбулдағы жарысты сәтті бастады. Екінші айналымда Алуа сербиялық Снежана Силжковичпен қолғап түйістіреді.

Ертең жарыстың үшінші күнінде Стамбул шаршы алаңына төрт қазақстандық боксшы көтеріледі. Күндізгі сессияда 52 келіде Жайна Шекербекова Пуэрто Рико өкілі Мелоди Варгаспен шықса, 57 келіде Карина Ибрагимова румыниялық Клаудиа Нечитаға қарсы шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессияда В риннгінде 63 келіде Аида Әбікеева Алжир елінің спортшысы Имане Xелифпен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда Токио Олимпиадасының қатысушысы Надежда Рябец ринг қожайыны Бусра Исильдармен алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Күндізгі және кешкі сессия «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен сағат 16:55 және 20:55-те көрсетіледі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды