Астаналық «Барыстың» жігерлі жеңісі

Құрлықтық Хоккей Лигасыгың чемпионаты аясында астаналық «Барыс» өз мұзайдынында Гагарин Кубогының күміс жүлдегері «Металлург» (Магниторск) командасын 2023 жылдың алғашқы ойынында 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында Андрей Скабелка шәкірттері 0:2 жеңіліп жатқан. Дегенмен жанкүйерлердің алдында намысқа тырысқан елордалық хоккейшілер үшінші кезең барысында жеңісті шайбаны соғып, ойынды өз пайдаларына шешті.

Құрлықтық Хоккей Лигасы. Тұрақты біріншілік

 «Барыс» (Астана) - «Металлург» (Магнитогорск) 3:2 (0:2), (2:0), (1:0)

06:20. Павел Акользин (0:1)

08:31. Брэндэн Лейпсик (0:2)

27:45. Темірлан Гайтамиров (1:2)

39:55. Дмитрий Шевченко (2:2)

45:19. Александр Борисевич (3:2)

Осы жеңістен кейін, қазақстандық команда 45 ұпаймен Шығыс Конференциясының сегізінші орнында келеді. Андрей Скабелканың командасы ҚХЛ аясында 46 ойын өткізген. Келесі сырт алаңдағы ойындар сериясын елордалық команда Хабаровск және Владивосток қалаларында жергілікті «Амур» мен «Адмирал» клубтарына қарсы ойнайды. «Амур» командасымен алғашқы ойын 5 қаңтарға жоспарланған.

Сонымен қатар, «Барыс» шабуылшысы Алихан Әсетов ҚХЛ-да 200-ші ойынын өткізді. Алихан осы маусым барысында 37 ойынға қатысып, 3 шайбаның авторы атанды.  

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері