Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина «Australian Open» турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Елена Рыбакина «Australian Open» турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Елена Рыбакина «Australian Open» турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина «Grand Slam» турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Бірінші жарыс күнінде өткен алғашқы кездесуінде Елена Элизабетте Кочареттоны (Италия) (#48) 7:5, 6:3 есебімен 1 сағат 21 минут ішінде жеңді. 

2022 жылғы «Уимблдон» жарысының жеңімпазы екінші айналымда франциялық Селена Яничевичті (#185) екі сетте жеңген (#185) (7:5, 6:1) Кайя Йуванмен (Словения) (#104) жолығады. 

Ертеңгі екінші жарыс күнінде Мельбурн қаласындағы «Мельбурн Парк» кортына Александр Бублик (#36) испаниялық Александр Давидович-Фокинамен кездеуге (#36) шығады. Ерлер арасындағы бәсеке Астана уақытымен 07:30-да басталады.

Сонымен қатар, ертеңгі жарыс күнінде Юлия Путинцеваның (#47) алғашқы айналымдағы кездесуі жоспарланған. Юлияның қарсыласы Сорана Крыстя (Румыния) (#42)

Австралияда басталған маусымның алғашқы «Grand Slam» турнирі 29 қаңтарға дейін жалғасады.

Бөлісу