Елена Рыбакина - «Indian Wells - 2023» жарысының жеңімпазы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды

Финалда отандасымыз Беларусь өкілі Арина Соболенконы 2 сағат 6 минутқа созылған ойында 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңіп, спорттық мансабында тұңғыш рет Masters турнирінде жеңіске жетті.

Ойын барысында Рыбакина жеті эйс жасап, екі қос қателік жасады. Он брейк пойнттың үшеуін пайдаланды. Арина болса, 4 эйс, 10 қос қателік және алты брейк пойнттың екеуін пайдаланды.

Айта кетейік, қос теннисші осыған дейін «Australian Open» жарысының финалында кездесіп, Арина 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, өзінің спорттық мансабындағы алғашқы «Grand Slam» жарысын ұтты. 

Елена осы жеңістен кейін 1000 рейтингтік ұпай жинап, WTA рейтингінде 7-ші орынға көтерілді. Дәл қазір еншісінде 3720 ұпай бар. Сонымен қатар, 1,2 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Соболенко болса, 650 рейтингтік ұпаймен бірге, 662 мың АҚШ долларын алады.

Енді әлемнің жетінші ракеткасы ретінде Елена Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) «Miami Open» турнирінде бақ сынайды. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері