Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде 72 келідегі Жәмила Бақбергенова өз салмағында үздік деп танылды.

27 жастағы жерлесіміз 2021, 2022 жылдары өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Жәмила Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы.

Әйелдер күресінен әлемдік рейтингтегі ТОП-3 палуандар:

50 келі: 1. Юи Сусаки (Жапония), 2. Отгонжарғал Долгоржав (Моңғолия), 3. Анна Лукасяк (Польша).

53 келі: 1. Лусия Ямилет Епес Гусман (Эквадор), 2. Доминик Оливия Пэрриш (АҚШ), 3. Батхуягийн Хулан (Моңғолия).

55 келі: 1. Маю Мукаида (Жапония), 2. Лорена Карла Гонзалес (Канада), 3. Олександра Хоменец (Украина).

57 келі: 1. Алина Грушина-Акобия (Украина), 2. Хелен Мароулис (АҚШ), 3. Цугуми Сакураи (Жапония).

59 келі: 1. Анастасия Никита (Молдова), 2. Грейс Якоб Буллен (Норвегия), 3. Сакура Матоки (Жапония).

62 келі: 1. Кайла Коллин Миракл (АҚШ), 2. Луо Сяоцзюан (Қытай), 3. Айсұлу Тыныбекова (Қырғызстан).

65 келі: 1. Жия Лонг (Қытай), 2. Мива Морикава (Жапония), 3. Мэллори Вельте (АҚШ).

68 келі: 1. Ами Ишии (Жапония), 2. Тамира Менса-Сток (АҚШ), 3. Чжоу Фэн (Қытай).

72 келі:

1. Жәмила Бақбергенова (Қазақстан)

2. Эло Амит (АҚШ)

3. Николета Анхел (Румыния)

76 келі: 1. Самар Хамза (Мысыр), 2. Ясемин Адар (Түркия), 3. Генезис Реаско Вальдес (Эквадор).


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды
Мемлекет басшысы Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады
Жастарымыз Литваны ойсырата жеңді
Ақмарал Науатбек Тбилисиде өткен пара дзюдодан Әлем кубогының кезеңін жеңіп алды
«Семей» футзал клубы ел кубогын жеңіп алды
Уэльске есе жібердік
Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов Түркияда алтын медальға ие болды
Қазақстан ӘЧ іріктеу кезеңінің Уэльс құрамасына қарсы ойын алдында баспасөз өткізді
Анастасия Городко Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа президенті сайланды
Қазақстан бокс федерациясы қыздарға қомақты сыйақы беретін болды
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Нидерландтың Леуварден қаласында өткен ірі турнирде алтын медаль жеңді
Ресми: Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Максим Самородовтың бағасы қымбаттады
Александр Бублик Майами мастерс турнирінің келесі кезеңіне өтті
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Кюрасаомен кездеседі