Шымкентте өткен көкпардан ересектер арасындағы республикалық турнир аяқталды

Еліміздің астанасында алғаш рет өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы бұл республикалық турнирге Жамбыл, Т.Рысқұлов, Қаратау, Түлкібас, Абай, Қазығұрт және Тұран аудандарының құрама командалары қатысып, бақ сынады.

Еске сала кетейік, 11 мамыр мен 16 мамыр аралығында өткен бұл турнирге аудандардың, моноқалалардың ғана командалары ғана қатысуына рұқсат етілді.

Бүгін, 15 мамыр, 5 күнге созылған дүбірлі доданың финалдық кездесуі өтті.

Өз тобынан алдына жан салмай бірінші орынмен өткен Түлкібас ауданының командасы мен екінші топтан Абай ауданының құрама командасы финалда кездесті.

Бұл ақтық бәсеке соңғы жылдары болмаған, көрермен көп күткен өте тартысты кездесу болды. Алғашқы минуттардан-ақ, командалар бір-біріне қарсы шабуылды үдетіп, ойынның қиын әрі көрермен үшін қызықты өтетіндігін аңғартты. Ақтық есеп 9-7 Түлкібас ауданының айы оңынан туды.

Үшінші орын үшін ойында Жамбыл ауданының командасы мен Тұрар Рысқұлов ауданының құрама командалары ғана кездесуі керек болған-ды. Бірақ Т.Рысқұлов ауданынаан алаңға 6-ақ шабандоз шығуына байланысты, олаоға техникалық жеңіліс есептелді. Көкпардың бекітілген ережесіне сәйкес, егер алаңға шығатын команданың ойыншылары 8 шабандоздан кем болса, автоматты түрде жеңіліс есептелетінін естеріңізгі сала кетейік.

Осылайша Жамбыл ауданының командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Жалпы жүлде қоры 20 000 000 теңгені құраған бұл турнирде алтыннан алқа таққан Түлкібас командасы жүлделі 8 000 000 теңгені, күмісті мойнына ілген Абай ауданына 6 000 000 теңге, ал қола жүлдені иеленген Жамбыл ауданына 4 000 000 теңге сыйақы табысталды.

Одан бөлек, «үздік ойыншы» номианиясын Әділет Мамыт иеленсе, «үздік шабуылшы» номинациясы Нышанбеков Абылайханға бұйырды. Одан бөлек «үздік төреші» номинациясын Жамбыл облысынан Ақылбек Қымызбаев, ал «ең үздік сәйгүлік» атағын «Намыскүрең» жеңіп алды. Қосымша әр номинацияға 335 000 теңге сыйақыдан берілді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды