Басты Жаңалықтар «Барыс» ҚХЛ-дағы 19-маусымына дайындыққа кірісті

«Барыс» ҚХЛ-дағы 19-маусымына дайындыққа кірісті

«Барыс» ҚХЛ-дағы 19-маусымына дайындыққа кірісті

Астаналық клуб 1 тамызда жиналып, медициналық тексерістерден кейін мұздағы жаттығуларға кірісті. Өткен маусымдағы бапкерлер штабы команда жұмысын биыл да жалғастырады.
Маусымаралық кезеңде «Барыс» құрамын күшейтіп, Джастин Бэйли, Гаррет Пилон, Логан Дэй, Чейз Приски және қақпашы Хантер Шепардпен келісімшарт жасасты. Сонымен қатар өткен маусымда команда сапында болған бірнеше легионер клубта қалды.
Маусым алдындағы дайындық аясында «Барыс» екі турнирге қатысады. 14–20 тамызда Уфада «Башқұртстан Республикасы Кубогында» «Салават Юлаев», «Амур» және «Ладаға» қарсы ойнайды. Ай соңында Санкт-Петербургте СКА, «Адмирал» және «СКА-ВМФ» командаларымен кездеседі.
ҚХЛ-дың жаңа маусымы 5 қыркүйекте басталады. «Барыс» алғашқы матчын 7 қыркүйекте өз айдынында «Сібірге» қарсы өткізеді.

Бөлісу