Ноттингем турнирінде Зарина Диас ширек финалға шықты
Ноттингемде өтіп жатқан ITF сериясындағы теннис турнирінде қазақстандық Зарина Диас ширек финалға жолдама алды. Ол екінші айналымда Ұлыбритания спортшысы Наоми Броудиден 7:5, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Зарина Диас әлемнің 86-шы ракеткасы болса, қарсыласы 163-ші орында. Бұл жеңістен кейін қазақстандық теннисші жалпы есепті теңестірді. 1:1.
Зарина Диас жартылай финалға шығу үшін америкалық Мелани Оудинді жеңуі керек. Ол әлемдік рейтингте 161-ші сатыда тұр. Оудин екінші айналымда жапон қызы Аюми Моританы 6:1, 6:3 есебімен ұтты.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда Зарина Диас австралиялық теннисші Оливия Роговсканы 6:2, 3:6, 6:0 есебімен жеңген еді. Ноттингем турнирінің жалпы жүлде қоры – 75 мың АҚШ доллары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35