Басты Жаңалықтар Галина Воскобоева WTA-ның жаңартылған рейтингі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы

Галина Воскобоева WTA-ның жаңартылған рейтингі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы

Галина Воскобоева WTA-ның жаңартылған рейтингі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы

Ярослава Шведова  64-ші орыннан  75-ші орынға түсіп кеткенінен кейін Галина Воскобоева 70-ші орыннан екі саты жоғарылап рейтингтің 68-ші орнына көтерілді. Қазіргі уақытта Воскобоева  алған жарақаттарына байланысты кортқа шығып жүрген жоқ. Зарина Дияс екі саты төмендеп 89-шы орынға тұрақтады. Путинцева – 152-ші, Сесиль Каратанчева 175-ші орындарға жайғасты.

Андрей Голубев ATP-дің жаңартылған рейтингі бойынша Михаил Кукушкиннің алдын орап, 61-ден 59-шы орынға көтерілді. Кукушкин  60-ші сатыда тұр.

Әлемдік рейтингте Серена Уильямс көш бастап тұр. Қытайлық Ли На мен  агнешка Радванску үздік үштікке кірді.  Мария Шарапова Мадридте өткен ірі турнирде жеңіске жеткеннен кейін 7-ші сатыға көтерілді.

Ерлер арасында мадридтік турнирдің жеңімпазы испандық Рафаэль Надаль ATP  рейтингінде бірінші орынға шықты.

 12-ші мамырға дейінгі WTA (әйелдер)  рейтингіндегі үздік ондық:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 11590 ұпай,

2 (2). Ли На (Қытай) - 7475,

3 (3). Агнешка Радванска (Польша) - 6290,

4 (4). Виктория Азаренко (Беларусь) - 5361,

5 (5). Симона Халеп (Румыния) - 5340,

6 (6). Петра Квитова (Чехия) - 4605,

7 (9). Мария Шарапова (Ресей) - 4261,

8 (7). Елена Янкович (Сербия) - 4130,

9 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 3770,

10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3760.

 

12-ші мамырға дейінгі ATP (ерлер) рейтингіндегі үздік ондық:

1 (1). Рафаэль Надаль (Испания) - 12 900 ұпай,

2 (2). Новак Джокович (Сербия) - 11 030,

3 (3). Станислас Вавринка (Швейцария) - 5785,

4 (4). Роджер Федерер (Швейцария) - 5715,

5 (5). Давид Феррер (Испания) - 5030,

6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 4600,

7 (7). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 4215,

8 (8). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 3950,

9 (12). Кэй Нисикори (Жапония) - 2860,

10. (9). Милош Раонич (Канада) - 2625.

 

vesti.kz

Бөлісу