Анна Данилина жұптық бәсекенің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен швейцариялық Ксения Кнолл жұбы Швецияның Юштад қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің ақтық кезеңіне өтті.
Данилина/Кнолл жұбы жартылай финалда Юсалин Бонавентур (Бельгия)/Сандра Заневска (Польша) жұбынан 6/4, 4/6, 10/6 есебімен басым түсті. Олардың финалдағы қарсыласы - Колар (Словения)/Явон Нейвирт (Австрия).
Бұған дейін Данилина/Кнолл жұбы ширек финалда Элис Балдуччи (Италия)/Ким-Элис Грайдек (Германия) жұбын 6/2, 7/6 ұтса, бірінші айналымда Майя Орнберг (Швеция)/Мелани Стокк (Норвегия) дуэтін 6/2, 3/6, 10/4 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Юштадта өтіп жатқан ITF турнирінің жалпы жүлде қоры – 25 мың АҚШ доллары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35