Андрей Голубев «Bet at Home Cup - Kitzbuhel» турнирінің жартылай финалына шықты
Австрияда өтіп жатқан «Bet at Home Cup - Kitzbuhel» турнирінде қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен италиялық Даниэл Брацциали жұбы жартылай финалға шықты. Турнирдің жүлде қоры 485,7 мың еуроны құрайды.
Ширек финалдық бәсекеде Голубев/Брацциали дуэті Мате Павич (Хорватия)/Андре Са (Бразилия) жұбын үш сетте - 6:3, 3:6, 10:7 есебімен ұтты.
Енді бұл жұп жартылай финал бәсекесінде - Мартин Эммрих (Германия)/Лукаш Росол (Чехия) мен австралиялық Джеральдо және Юрген Мельцер жұптарының жеңімпазымен күш сынасады.
Турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін Голубев және Брацциали 6 мың 690 еуро қаражат және 90 рейтингтік ұпай жинады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35