US Open – 2014. Зарина Диас үшінші айналымнан аса алмады
Теннистен АҚШ-тың Ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Диас үшінші айналымда ресейлік Екатерина Макаровамен кездесті.
Бұл жолы З. Диастан әлдеқайда тәжірибелі, жиырма алты жастағы Екатерина Макарова 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық теннисшілер арасында жекелей сында үшінші айналымға жеткен З. Диас одан әрі аса алмады. Бұған дейін Австралияның Ашық чемпионатында үшінші, Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен Зарина үшін 2014 жыл, жалпы алғанда, сәтті болды.
Қазіргі кезде әлемдік рейтингте Зарина 48-інші орында тұрса, алдағы аптада бұдан жоғарылайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35