Қазақстан Дэвис Кубогында ТОП-10 қатарында
Халықаралық теннис федерациясы Дэвис Кубогына қатысушы елдердің жаңа рейтингісін жариялады.
Бірінші орында 2013 жылдың чемпиондары – чехиялықтар. Екінші орынға Франция құрамасы көтерілсе, сербиялық теннисшілер бір сатыға төмендеп, үшінші орынға тұрақтаған.
Қазақстан құрамасы бұл тізімде оныншы орнын сақтап қалды. айта кетейік, бұл посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер арасындағы ең жоғарғы нәтиже. Мысалы, Украина – 18-ші, Өзбекстан – 22-ші, Ресей – 33-ші, Литва – 37-ші, Латвия – 42-ші, Молдавия – 46-шы, Беларусь Республикасы – 56-шы, Эстония – 66-шы, Грузия – 84-ші, Түркіменстан – 100-ші, Армения – 110-шы, Қырғыз Республикасы – 122-ші, Әзірбайжан – 129-шы.
Дэвис Кубогының үздік ондығы:
1. Чехия — 40375,00;
2. Франция — 16725,00;
3. Сербия — 16125,00;
4. Швейцария — 14612,50;
5. Испания — 14125,00;
6. Аргентина — 12406,25;
7. Италия — 9146,88;
8. АҚШ — 6931,25;
9. Канада — 6728,13;
10. Қазақстан — 4653,13.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35