Рафаэль Надальдің елге келуі - үлкен жетістік – Д.Досқараев
Әлемдік теннис жұлдызы Рафаэль Надаль Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен қыркүйектің 24 күні тұңғыш рет Астанаға келеді.
Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараевтың айтуынша испандық теннисші ұсынысты қуанышпен қабылдап, көптен бері Қазақстанға барғысы келіп жүргенін жеткізген.
Ол Астанада «TeamKazakhstan» академиясында шеберлік сабақтарын өткізіп, көрсетілімді мачқа қатысады. Оның қарсыласы – әлемдік ТОП-10 теннисшінің қатарына кіретін француздық спортшы Жо-Вильфрид Тсонга.
Ойын 25 қыркүйекте Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.
«Қазақстан теннис федерациясына ҚР Президенті Н.Назарбаев осыдан бір жыл бұрын Р.Надальды елге шақырып, теннистің дамуына үлес қосар шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Сондықтан біз жыл бойы осы жұмыспен айналысып, ақыры атақты спортшы елімізге келетін болды.
Әрине, Роджер Федерер мен Рафаэль Надальды көптеген ел көрсетілімді матч немесе шеберлік сабағын өткізуге шақырады. Алайда, жұмыс кестелерінің тығыздығына байланысты олар барлық шақыртуға бара алмайды.
Ал, Р.Надальдың біздің елімізге келуге келісімін беруі үлкен жетістік. Яғни, бұл – қазақ теннисінің қарыштап дамып келе жатқанын білдіреді дейді», - дейді Д.Досқараев.
Фото: visti.pro
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00