Зарина Диас әлемдік рейтингте тағы бір сатыға көтерілді
Қазақстандық теннисші Зарина Диас өткен аптаның қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастының (WTA) рейтингісінде бір сатыға көтерліп, өзінің карьерасындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.
Енді Зарина Диас әлемнің үздік 100 теннисшінің арасында 39-шы орында тұр. Сонымен қатар, алғашқы жүздікке Ярослава Шведова да кіреді. Ол 65-ші орыннан 67-ші орынға төмендеді. Екінші жүздіктің арасында Юлия Путинцева 127-ші орыннан 121-ші орынға, ал Сесиль Каратанчева 188-ден 180-ші орынға көтерілді. Галина Воскобоева болса 193-тен 191-ші орынға жоғарылады.
Әлемдік рейтингтің көш басында америкалық Серена Уильямс тұр. Екінші орында – румыниялық Симона Халеп, үшінші орынға чехиялық Петра Квитова орналасқан.
Ал, жұптар арасындағы рейтингте Шведова 24-ші, Воскобоева 94-тен 95-ші орынға төмендеді. Диас болса, 119-дан 118-ші орынға көтерілді. Әлемдік рейтингтің бірінші және екінші орнында италиялық Сара Эррани мен Роберта Винчи, ал үшінші орында қытайлық Шуай Пенг тұр.
Фото: gotennis.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35