Зарина Диас Сингапурда өтетін қорытынды турнирге жолдама алды
Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алған теннисшілер анықталды. Жанкүйерлер арасында жүргізілген шарада әлемнің 140 елінен 700 мыңға жуық дауыс берілді.
Осының нәтижесінде Сингапурде өтетін WTA қорытынды турнирінің аясындағы көрсетілімді ойынға төрт теннисші жолдама алды.
Бес аптаға созылған дауыс беру қорытындысы бойынша Азия – Тынық мұхиты аймағынынан қазақстандық Зарина Диас (15,74 пайыз) пен қытайлық Чжэн Сайсай (17,72 пайыз) озық шықты.
Ал, әлемнің қалған бөлігінің атынан ең көп дауысты Пуэрто-Рика теннисшісі Моника Пуч (20,65 пайыз) пен АҚШ өкілі Шелби Роджерс (16,47 пайыз) жинады.
Жалпы есеп бойынша әлемнің 140 еліндегі 346 091 жанкүйерден 692 182 дауыс тіркелген.
Айта кетейік, бұл жобада тағы бір қазақстандық үміткер Юлия Путинцева 6,13 пайыз дауыс жинап, Азия – Тынық мұхиты аймағында екінші орыннан көрінді.
Дауыс берудегі жеңісі туралы Зарина өз твиттерінде хабарлаған. «Ура! Мен Сингапурдағы WTA Rising Star Exhibition жарысына қатысамын! Маған дауыс бергендеріңізге рахмет! Сіздер ең күшті адамсыздар», - деп бөлісті өз қуанышымен жас спортшы.
Фото: wtafinals.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35