WTA Зарина Диасты «жыл жаңалығы» үміткерлер қатарына қосты
Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) қазақстандық жас спортшы Зарина Диасты «жыл жаңалығы» үміткерлері қатарына қосты. Енді осы номиция жеңімпазды анықтау үшін жанкүйерлер арасында дауыс беру жүргізіледі, деп хабарлайды WTA сайты.
Қазақстанның бірінші ракеткасынан бөлек, үміткерлер қатарында швейцариялық Белинда Бенчич, америкалық Шелби Роджерс пен жапониялық Куруми Нара бар.
Қазақстандық Зарина Диас үшін дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады.
Айта кетейік, дауыс беру 16-қарашаға дейін жалғасып, 17-қарашада қорытынды нәтижелері жарияланады.
Бұл номинация 2005 жылдан бастап беріледі. Кезінде бұл атақты Агнешка Радванска (2006), Каролин Возняцки (2008) мен Петра Квитова (2010) иеленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35