Зарина Диас Әлем рейтингінде 31-орынға көтерілді
Бүгін халықаралық теннис қауымдастығы ерлер және әйелдер арасындағы рейтингін жаңартты. Жаңа рейтингте Зарина Диас 2 саты жоғарылап, 1495 ұпаймен 31-орынға көтерілді.
Зарина өткен аптада Дубайда аяқталған турнирдің үшінші айналымына дейін жеткен. Ол бүгін Qatar Open турниріндегі алғашқы кездесуін тунистік Унс Жабермен өткізеді.
Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жаңа рейтингте Ярослава Шведова 1 саты жоғарылап, 964 ұпаймен 52-орынға көтерілді. Юлия Путинцева 110-орыннан 112-орынға сырғыса, Сесиль Каратанчева 155-орынан 158-орынға төмендеді.
Ерлер арасындағы рейтингте Михаил Кукушкин 1 саты төмен сырғып, 827 ұпаймен 58-орынға тұрақтады. Ал, Андрей Голубев — 81-орыннан 108-орынға, Александр Недовесов 116-орыннан 131-орынға бір-ақ сырғыды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00