Дэвис Кубогы. Михаил Кукушкин италиялық Симоне Болеллиді үш сетте ұтты
Бүгін Дэвис Кубогының алғашқы айналымы аясында Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы кездесулер басталды.
Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа жанкүйерлер көп жиналған.
Алаңға алғашқы болып қазақстандық Михаил Кукушкин мен италиялық Симоне Болелли шықты. Бірінші сет өте тартысты өтіп, жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды.
Жақсы комбинациялар жасап, аз қате жіберген Михаил тай-брейкте 8:6 есебімен жеңді. Ал, қалған екі сетте Симоне Болелли еш қарсылық көрсете алмай, Кукушкин 6:1, 6:2 есебімен ойынды аяқтады. Осылайша 3:0 (7:6, 6:1, 6:2) есебімен жеңіске жеткен Михаил Кукушкин Қазақстан құрамасына алғашқы ұпай әкелді.
Енді алаңға қазақстандық Андрей Голубев пен Андреас Сеппи шығады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
7 наурыз
Александр Недовесов/Андрей Голубев — Фабио Фоньини/Паоло Лоренци
8 наурыз
Михаил Кукушкин — Андреас Сеппи
Андрей Голубев — Симоне Болелли.
Фото: Дэвис Кубогының твиттердегі парақшасы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35