Дэвис Кубогы. Андрей Голубев италиялық Андреас Сеппиге есе жіберді
Дэвис Кубогының алғашқы айналымы аясында Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы кездесулердің бірінші күні аяқталды.
Жарыс Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтуде. Алаңға екінші болып шыққан Андрей Голубев италиялық Андреас Сеппимен сынға түсті.
Ойынның басында қарсылық көрсете алмаған Андрей алғашқы екі сетте 3:6, 3:6 есебімен ұтылды. Алайда, жанкүйерлердің қолдауымен үшінші сетті тай-брейкке жеткізіп, сетті 7:6 есебімен ұтты.
Ойынның төртінші сетінде Андреас Сеппи қателіктерін азайтып, шабуылдарын үдете түсті. Оның қарқынына төтеп бере алмаған Андрей бұл сетте тек екі ғана гейм ұтты. Матч бойы басымдыққа ие болған Андреас Сеппи 1:3 (3:6, 3:6, 7:6, 2:6) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Италия құрамасы жалпы есепті теңестіріп, 1:1-ге жеткізді. Осыған дейін Михаил Кукушкин италиялық Симоне Болеллиді үш сетте ұтқан еді.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
7 наурыз:
13:45. Александр Недовесов/Андрей Голубев — Фабио Фоньини/Паоло Лоренци
8 наурыз:
13:50. Михаил Кукушкин — Андреас Сеппи
16:30. Андрей Голубев — Симоне Болелли.
Фото: Дэвис Кубогының твиттердегі парақшасы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35