BNP Paribas Open: Бүгін екі теннисшіміз кортка шығады
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында басталған «BNP Paribas Open» турнирінің 1/64 кезеңінде Юлия Путинцева мен Михаил Кукушкин 1/32 финалына шығу үшін кортка шығады.
Іріктеу кезеңнен сүрінбей өткен Юлия Путинцева чехиялық Тереза Смитковамен күш сынасса, ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Кукушкин қанадалық қарсыласы Вашек Поспишилге қарсы ойнайды.
Сондай-ақ, бұл турнирге қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас та қатысуда. Ол турнирдің 28-ракеткасы ретінде бірден екінші айналымға өткен. Зарина жарысты 15 наурыз күні бастайды. Қарсыласы хорватиялық – Донна Векич.
Айта кетейік, Зарина Диас жеребе тартуда әлемнің бірінші ракетасы Серена Уильямспен бір топқа түскен. Екі теннисші де алғашқы қарсыластарын жеңсе, үшінші айналымда бір біріне қарсылас атануы мүмкін.
BNP Paribas Open — Үлкен шлем жарыстарынан кейінгі жүлде қоры қомақты әлемдегі тек таңдаулы теннисшілер қатысатын ірі турнир. Былтыр бұл жарысты италиялық Флавия Пеннатта жеңген еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00